Month: Сәуір 2022

«Павлодар облысының қасиетті жерлері»

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Орталық балалар кітапхана қабырғасында «Павлодар облысының қасиетті жерлері» атты квест-ойын болып өтті. Павлодар облысының тарихи мәні бар киелі орындарымен таныстыру, оқушылардың патриоттық сезімін тәрбиелеу, туған өлкенің тарихына, археологиясына, этнографиясына қызығушылығын ояту, өлкетану әдебиетін насихаттау мақсатында ұйымдастырылған іс-шараға №2 ЖОМ –нің 7 –сынып оқушылары, ұстаздар қатысты. Жүргізуші Павлодар облысының көрнекті орындары, сондай-ақ […]

«Астрид Линдгреннің кітап беттерінен»

Орталық балалар кітапханасының қызметкерлері Астрид Анна Эмили Линдгреннің 115 жылдығына орай 10 ЖОМ-нің 5-сынып оқушыларының қатысуымен «Астрид Линдгреннің кітап беттерінен» интерактивті ойынын және Е.Вельтистовтың «Приключения Электроника» кітабы бойынша «Жол сандықтан шыққан бала немесе қалай адам болу керек» викторинасын өткізді. Іс-шара барысында балалар автордың шығармашылық өмірінен сыр шертетін «Алтын топтама» бейнесін тамашалады. Интерактивті ойын 5 бөлімнен […]

«Адасқан мақал-мәтелдер»

Орталық балалар кітапханасының қызметкерлері «Адасқан мақал-мәтелдер» атты викторина өткізді. Оқушылардың зияткерлік шығармашылығын мектеп жасынан дамыту, қызықтыру арқылы білімін тереңдету, мақал-мәтелдерді қолдану арқылы оқушылардың сөздік қорын жетілдіру мақсатында ұйымдастырылған іс-шараға №21 ЖОМ-нің 3-сынып оқушылары қатысты. Іс – шара басында жүргізуші балаларға мақал-мәтел жайында түсінік беріп, мақал мен мәтелдің айырмашылығын айтып өтті. Балаларға түрлі тапсырмалар берілді. Соның […]

«Аспан көгіндегі есімдер»

Дүниежүзілік ғарышкерлер күніне орай орталық балалар кітапханасында «Аспан көгіндегі есімдер» атты астрономиялық кеш болып өтті. Балаларды ғарышкерліктің пайда болу және даму тарихымен таныстыру, ғарышқа тұңғыш жол салушылар туралы түсініктерін кеңейту, ғылым мен техника жетістіктеріне қызығушылығын арттыру мақсатында ұйымдастырылған астрономиялық кешке «Екібастұз қаласының өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығы» КММ тәрбиеленушілері қатысты. Іс-шара барысында жүргізуші ғарышты […]

«Витаминкада қонақта»

Дүниежүзілік денсаулық күніне орай №10 ЖОМ қабырғасында орталық балалар кітапханасының кітапханашылары «Витаминкада қонақта» атты кітапханалық квилт өткізді. Балаларға дәрумендер туралы түсінік беруге, балаларға жемістердің, көкөністердің дәруменге бай екенін және олардың денсаулыққа пайдасын түсіндіруге арналған іс-шараға №10 ЖОМ-тің оқушылары қатысты. Аталмыш квилттің аясында балалар дәрумендер және олардың денсаулыққа тигізетін пайдасы, сондай-ақ олардың құрамындағы өнімдер жайлы көптеген […]

«Денсаулық және мен»

Орталық қалалық кітапхана қабырғасында 7 сәуір – Бүкіләлемдік денсаулық күніне орай «Денсаулық және мен» атты ойын бағдарламасы болып өтті. Балалардың дене тәрбиесіне деген қызығушылықтарын арттырып, салауатты өмір салтына тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылған іс-шараға №18 ЖОББМ-тің 5 «А», 5 «Ә», 5 «Б» сынып оқушылары, ұстаздар қатысты. Ең алдымен жүргізуші балаларды денсаулық күнімен құттықтап, ізгі тілегін білдіріп, үнемі […]

«Жаңа ғасырдың жаңа кітаптары»

1 сәуір күні орталық балалар кітапханасында Халықаралық балалар кітабы күніне орай «Жаңа ғасырдың жаңа кітаптары» атты библиофреш болып өтті. Ұйымдастырылған іс-шараның алдына қойған мақсаты – білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру, кітаптың қаншалықты құнды, бағалы дүние екендігін түсіндіру, кітап оқуға саналы түрде баулу. Кітапханашы Г.Сағындықова оқу залында ұйымдастырылған «Бала мен кітап» кеңейтілген кітап көрмесімен таныстырып, жаңа […]