Month: Қазан 2023

«Қазақстанның қалаларына саяхат»

Орталық балалар кітапханасында Республика күніне орай «Қазақстанның қалаларына саяхат» атты іс-шарасы болып өтті. Оқушылар назарына республикамыздың солтүстік, оңтүстік, батыс, шығыс және орталық бес аймағы көрсетілген презентация ұсынылды. Шара барысында балалар Қазақстан картасын пайдалана отырып, түрлі тапсырмалар орындады. Балалар картадан көмір, тұз, мұнай, алтын, мыс кен орындарын белгіледі. Екінші тапсырмада балалар «Республика» және «Қазақстан» сөздерінен жылдам […]

«Негештер алаңқайы»

Орталық балалар кітапханасының қызметкерлері «Дауысты кітап» клубы аясында №20 балабақша бүлдіршіндері арнап «Негештер алаңқайы» атты дауыстап оқу шарасын өткізді. Кітапханашы жас оқырмандарды «Үй жануарлары», «Адам денесі», «Ғарыш», «Книга рекордов Гиннеса», «Не? Қайда? Қашан?» энциклопедиясымен таныстырды. Кітапханашы «Самая полная энциклопедия научных опытов» энциклопедиясына тереңірек тоқталып өтті. Кітапханашы балалармен бірге энциклопедиядан алынған «Тиынды тап», «Салфетка» тәжірибелерін жасап […]

«Бақыт құсы»

«Дауысты кітап» клубы аясында орталық балалар кітапханасының қызметкерлері №20 балабақша бүлдіршіндері үшін дауыстап оқу шарасын өткізді. Орталық балалар кітапханасының кіші абонементінде жаңа кітаптар мен мерзімді басылымдарға толы кітап көрме ұйымдастырылды. Кітапханашы С.Қалиұлының «Бақыт құсы» ертегісін дауыстап оқып берді. Одан әрі кітапханашы балаларға «Қайсысы күшті?» кітабынан өлеңдер, жаңылпаштар, санамақтар оқып, жұмбақтар жасырды.

Шыңғыс Айтматов – халықтың рухани тірегі

Орталық балалар кітапханасының қызметкерлері аса көрнекті қаламгер Шыңғыс Айтматовтың туғанына 95 жыл толуына орай «Шыңғыс Айтматов – халықтың рухани тірегі» атты ақпарат күнін өткізді. Шара барысында қаламгердің өмір жолы мен шығармашылығы жайында бейнероликтер көрсетілді. Автордың 1980 жылы жазылған «Ғасырдан да ұзақ күн» әңгімесіне толығырақ тоқталды. Сондай-ақ жиылған қауым «Алғашқы ұстаз», «Ақ кеме» фильмдерінен үзінді тамашалады. […]