Month: Қыркүйек 2024

«Ойлан, ойна, тап!»

«Білімпаз» клубы аясында балалар оқу орталығының қызметкерлері Екібастұз қаласының өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушілерінің қатысуымен «Ойлан, ойна, тап!» турнирін өткізді. Турнирге «Ақылды марғау» және «Данагөй үкі» атауымен екі команда қатысты. Балалар мақал-мәтелдерді жарыса тауып, «Барлығы бәрі туралы» викторинасының сұрақтарына белсене жауап берді. Сондай-ақ, іс-шараға орай «Бәрін білгім келеді» атты кітап көрме ресімделді.

«Отбасым – Отаным»

Балалар оқу орталығының қызметкерлері Отбасы күніне орай №26 гимназия-мектебінің 4 «г» сынып оқушыларының қатысуымен «Отбасым – Отаным» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді. Мақсаты: оқушылардың отбасы жайындағы түсініктерін кеңейту. Оқушыларды ұйымшылдыққа, жауапкершілікке, өз ойын жеткізе білуге тәрбиелеу. Оқушылар ортаға шеңбер құрып тұрып, әр бала өзінің отбасы жайлы жылы лебіздерін білдірді. Іс-шараға арнайы «Отбасы – бақыт мекені» атты […]

«Тіл – татулық тірегі»

Орталық қалалық кітапханасының балалар оқу орталығында №6 лицей-мектебінің 4 «а» сынып оқушыларының қатысуымен 5 қыркүйек – Тілдер күніне орай «Тіл – татулық тірегі» атты сайыс болып өтті. Оқушылар екі топқа бөлініп, ана тіліндегі білім деңгейлерін көрсетті. Сайыс өте тартымды, түрлі тапсырмаларға толы болды. Атап айтсақ, мәнерлеп оқу, тіл туралы мақал-мәтелдерді жатқа айту, сұрақ-жауап және т.б. […]