Month: Желтоқсан 2024

«Тарихқа тұнған даламыз»

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында балалар оқу орталығының қызметкерлері №22 және №26 гимназия-мектебінің 8-сынып оқушыларының қатысуымен «Тарихқа тұнған даламыз» атты тарихи сағатын өткізді. Шара барысында бабалардың сан ғасыр арманы болған егемендікке жету тарихы, елдің бүгінгі тыныс-тіршілігі мен болашағы жайлы танымды мол ақпарат беріп, еліміздің тарихы бойынша «Жылдар сөйлейді» викторинасы өткізілді. Одан әрі кітапханашы еліміздің тарихын […]

«Ертегілер елінде»

«Дауысты кітап» клубы аясында балалар оқу орталығының қызметкерлері №16 балабақша тәрбиеленушілерінің қатысуымен «Қазақ халық ертегілері» тақырыбында дауыстап оқу шарасын өткізді. Кітапханада «Ертегілер елінде» атты түрлі-түсті кітап көрме ұйымдастырылды. Кітап көрмеге түрлі серияларда шыққан қазақ ертегілері ұсынылды. Шара барысында «Екі қаз бен бір бақа», «Жолбарыс пен қоян», «Құмырсқаның қанағаты», «Бақыт құсы» атты ертегілері оқылды. Бүлдіршіндер ертегілерден […]

«Навигаторы детства»

Балалар оқу орталығының қызметкерлері №9 балабақша-гимназиясының қызметкерлерінің қатысуымен «Навигаторы детства» тақырыбында мамандар күні шарасын өткізді. Шара барысында тәрбиешілердің назарына «Әдістемелік әдебиет – тәрбиешілерге көмек» атты кітап көрмемен таныстырып, әртүрлі серияда шыққан балаларға, тәрбиешілерге арналған кітаптар, журналдар, оқу-әдістемелік нұсқаулықтарға шолу жасалды. Сондай-ақ, кітапхана библиографы мектеп жасына дейінгі балаларды кітап оқуға тарту әдістері мен формалары туралы баяндап, […]