Category: Басты

«Медициналық бетпердеден жасалған ғажайыптар»

Орталық балалар кітапханасында «Медициналық бетпердеден жасалған ғажайыптар» атты хендмейд болып өтті. Балалардың өз бетінше жұмыс істеу дағдысын қалыптастырып, шығармашылық қабілетін дамыту, сондай-ақ оларды төзімділікке, әдемілікке тәрбиелеп, эстетикалық талғамын арттыру мақсатында ұйымдастырылған іс-шараға №21 мектептің оқушылары қатысты. Медициналық бетперде, қайшы, желім – осы үш-ақ нәрседен балалар гүлдердің неше түрлісін жасап, шеберлікпен айналысты. Балалар бетпердеден әртүрлі заттар […]

«Балалық шақ шоқжұлдызы»

Орталық балалар кітапханасының қабырғасында Балалар жылына және балалар кітабы апталығының ашылуына арналған «Балалық шақ шоқжұлдызы» атты мерекелік бағдарлама болып өтті. ОҚК кітапханаларды дамыту және әдістемелік бөлім меңгерушісі Р.Сейсекенова сөз алып, балаларды мерекемен құттықтап, зор денсаулық, оқуда сәттілік тілеп ізгі тілегін білдіріп, сондай-ақ балаларды кітапқұмар болуға шақырды. Аталмыш мерекелік шарада балаларды ертегі кейіпкерлері Дымбілмес, Карлсон, Ниндзя […]

«Кітап – білім бұлағы»

Балалар жылы аясында Орталық қалалық кітапхананың балалар бөлімінің қызметкерлері қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы А.Б. Баймухамбетовамен бірлесіп 35 мектеп-гимназиясының 2 «А» және 4 «А» сынып оқушыларына «Кітап – білім бұлағы» тақырыбында экскурсия өткізді. Балалар іс-шараға С.Ольшанская, К.Ф.Мельник және С.Н. Семенова сынды ұстаздарымен қатысты. Ж.К. Бектасова және Т.Е. Рақышева «Балалыққа кітаппен барар жол» атты кітап көрмесін ұйымдастырды. […]

«Алтын қордан ән тыңдайық»

Орталық балалар кітапханасының қызметкерлері қазақтың бұлбұл әншісі Роза Бағланованың 100 жылдығына орай облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған көптілді лицей – интернатының оқушыларының қатысуымен «Алтын қордан ән тыңдайық» атты ақпараттық сағат болып өтті. Іс –шара барысында кітапханашы Г.Сағындыкова күміскөмей әнші, халық қаһарманы, «Тарлан» сыйлығының иегері Роза Бағланованың өмірі мен шығармашылығы, өнердегі қоғамда алған орны, сондай-ақ […]

«Кітап бетіндегі әлем әдебиетінің қанатты сөздері мен сөз тіркестері»

Орталық балалар кітапзанасфында ақпан айы бойы «Кітап бетіндегі әлем әдебиетінің қанатты сөздері мен сөз тіркестері» атты кітапханаішілік акция өтті. Акцияға барлығы 22 адам қатысты. Көпшілік назарына акцияда қолданыс тапқан қанатты сөздер алынған туындылардың кітап көрмесі ұйымдастырылды. Сондай-ақ қатысушылар өздері таңдап алған билеттегі фразаны оқып, бұл фразаның қай шығармадан алынғаны және сол шығарманың оның авторын тауып […]

«Кітапхана және баланың бос уақытын ұйымдастыру»

17 ақпанда Орталық балалар кітапханасының библиографы Тұрсынханова «Қайнар» ОӘК мұғалімдеріне арналған «Кітапхана және баланың бос уақытын ұйымдастыру» атты маман күнін өткізді. Іс-шара үйірме мұғалімдерін әдістемелік әдебиеттермен, оқу құралдарымен таныстыру мақсатында өткізілді. Библиограф өз іс-шарасын Б.Расселдің сөзімен бастады. Шара барысында мұғалімдер сауалнама мен тіркеу картасын толтырды. Библиограф кітапхананың тарихы мен ережелеріне тоқталды. Мұғалімдерге арналған «Үйірме жетекшісіне […]

«Отбасы кафесі»

Қымбатты оқырмандар! 👉🏻Сіздерді Орталық балалар кітапханасының «Отбасы кафесі» отбасылық оқу клубына шақырамыз. Біз сіздерді күтеміз. Біздің есігіміз Сіздер үшін әрдайым ашық! 📇Мекенжайымыз: Б. Момышұлы к-сі, 30/1 ☎️34-19-85

«Суретші шеберханасында»

Орталық балалар кітапханасының қабырғасында көркемсурет мектебінің оқушылары арналған орыс суретшісі Иван Константинович Айвазовскийдің туғанына 205 жыл толуына орай «Суретші шеберханасында» атты арт–сағат болып өтті. Бейнелеу өнерін насихаттау, жастарға эстетикалық тәрбие беру, кітапхана қорындағы бейнелеу саласының кітаптарын насихаттау мақсатында ұйымдастырылған іс-шараға оқырмандар, кітапханашылар қатысты. Көрнекілік құрал ретінде «Тулаған теңіз толқынымен тіл табысқан» атты кітап көрме ұйымдастырылып, […]

«Көңілді экономика»

Орталық балалар кітапханасының қабырғасында экономика жайында мағлұмат беріп, ой-өрістерің кеңейтуге арналған «Көңілді экономика» атты танымдық ойын ұйымдастырылды. Адам бойында тәртіптілік, ұқыптылық, іскерлік, еңбектегі шығармашылық т.б. қасиеттерді дарытуға бағытталған іс-шараға Екібастұз қаласының өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығының тәрбиелеушілері қатысты. Ойынның мақсаты – балаларды «экономика», «үнемдеу», «үнемді», «сараң», «ысырапшыл», «кәсіпкерлік» сынды сөздердің мағынасымен таныстыру және балалардың […]