Жазғы демалыс күндері аясында балалар оқу орталығының қызметкерлері №35 мектеп-гимназия оқушыларының қатысуымен «Волшебные ключи знаний по правилам дорожного движения» тақырыбында библиофорсаж шарасын өткізді.
Category: Басты
«Сіз бен бізбірге оқиық!»
1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Балалар оқу орталығының қызметкерлерінің ұйымдастыруымен қалалық «Шахтер» саябағында «Сіз бен бізбірге оқиық!» BALA FEST шарасы өтті. «Балалық шаққа арналған кітап порталы» – «Книжный портал в детство» атауымен кеңейтілген иллюстрациялық кітап көрмесі жасақталды. Шараға жиналған бүлдіршіндер ертегі кейіпкерлері туралы қойылған сұрақтарға жауап беріп, сыйлықтар ұтып алды.
«Анаға сый»
Балалар оқу орталығының қызметкерлері Аналар күні қарсаңында «Анаға сый» атты шеберлік сағатын өткізді. Аталмыш шараға №6 мектеп-лицейінің оқушылары қатысты. Шеберлік сағатты бастамас бұрын кітапханашы оқушыларға анаға құрмет тақырыбында әңгіме өрбітті. Сондай-ақ балаларда аналарына деген сүйіспеншіліктерінің шексіз екенін білдіріп, аналарын қуанту үшін барын салатындарын айтып ағынан жарылды. Шеберлік сағатта кітапханашы қағаз майлықтарының орамдарынан гүлсауыт, ал жұмыртқа […]
«Рақымжан Қошқарбаевтың ерліктері»
№24 мектеп-гимназия қабырғасында балалар оқу орталығының қызметкерлері Жеңіс күні қарсаңында «Рақымжан Қошқарбаевтың ерліктері» атты тарих сағатын өткізді. Балалардың назарына Қошқарбаевтың өмірі мен ерлігі туралы деректі бейнебаян ұсынылып, тақырыпқа сай жасақталған кітап көрмеге шолу жүргізілді. Шараны қорытындылай келе, балалар викториналық сұрақтарға жауап берді. Шараға белсене қатысқан оқушылар тәтті сыйлықтармен марапатталды.
“Волшебный сундучок!”
Балалар оқу орталығында «Үйшік» және «Как петушок искал Кукареку» атты қуыршақ қойылымдары өтті.
Жаманбалинов оқулары
Балалар оқу орталығының қызметкерлері Мүбәрак Жаманбалиновтың туғанына 100 жыл толуына орай «Балалар әдебиетінің бәйтерегі» атты Жаманбалинов оқуларын ұйымдастырды. Іс-шараға №25 қазақ қыздар гимназиясының 2 «А» сынып оқушылары қатысып, өздерінің өлең оқудағы шеберліктерін көрсетті. Кітапханашы Мүбәрак Жаманбалиновтың өмірбаянымен, шығармашылық жолымен таныстырып өтті. Одан әрі оқушылардың көркем оқу шеберлігін, сахналық шеберлігін әділқазылар – Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, […]
«Кітаппен әлем жарқын және мейірімді»
Бүгін, 2 сәуір күні дат жазушысы, атақты ертегіші Ханс Христиан Андерсеннің туған күні, осы күні бүкіл әлем Халықаралық Балалар кітабы күнін атап өтеді. Құрметті жас балғын балалар, балалар оқу орталығы сендердің талғамдарыңызға сай түрлі кітаптарды ұсынады. Сендерді ақыл мен білім ордасына, таңғажайып кітап әлеміне шақырамыз!
«Балалар әдебиетінің бәйтерегі»
[gallery type=”rectangular” ids=”4056″ Балалар кітабының апталығына арналған «Балалар әдебиетінің бәйтерегі» атты Жаманбалинов оқуларына шақырамыз.
«Бәрін білетін кітаптар»
Көктемгі демалыс күндері балалар оқу орталығында №6 мектеп-гимназия оқушыларына арнап «Бәрін білетін кітаптар» тақырыбында кітапханалық сабақ өткізілді. Шара барысында кітапханашы «энциклопедия» деген сөздің мағынасы туралы мәлімет беріп, кітапхана қорына тиесілі ақпарат көздерімен толығырақ таныстырды. Сондай-ақ балалар анықтамалық әдебиет әлеміне саяхат жасады. Содан соң кітапханашы «Я познаю мир», «Все обо всем» сериясымен шығатын энциклопедияларға шолу жасап, […]
«Ақылдылар мен алғырлар»
Балалар оқу орталығында Екібастұз қаласының «Үміт» арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балалардың қатысуымен «Ақылдылар мен алғырлар» атты интеллектуалды ойын өтті. Балалар екі командаға бөлініп, жылдамдық пен тапқырлыққа негізделген, сондай-ақ зияткерлік қабілетті дамытуға арналған түрлі тапсырмаларды орындады. Жүзден жүйрік атанған жеңімпаздар тәтті сыйлықтармен марапатталды. Ойын тартысты әрі қызықты өтті.