«Табиғаттың өзі емші»

Орталық балалар кітапханасы №21 ЖОМ-нің жазғы лагерь балаларының қатысуымен «Табиғаттың өзі емші» атты пайдалы кеңестер сағаты болып өтті. Оқушыларға туған өлке, оның байлығы, алуан түрлі табиғаты туралы түсінік беру, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру, табиғатты қорғай білуге, оны аялауға тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылған іс-шараға №21 мектептің оқушылары, ұстаздар, кітапханашылар қатысты. Іс-шара басында оқушылар дәрілік өсімдіктер туралы […]

«Мультфильм елінен келген пойыз»

Орталық балалар кітапханасында «Мультфильм елінен келген пойыз» атты мультимедиялық әдеби сағат болып өтті. Балалардың шығармашылық және танымдық белсенділігін дамыту мақсатында ұйымдастырылған іс-шараға №35 орта мектеп оқушылары қатысты. Библиограф С.Ж.Тұрсынханова балаларды пойызбен мультфильмдер еліне саяхат жасауға шақырып, балалармен «Мультяшково» станциясына сапарға аттанды. Мұнда саяхатшылардың назарына сюжеттері сүйікті мультфильмдеріне негіз болған кітаптар ұсынылды. Викторинаның сұрақтарына жауап берген […]

Балаларды қорғау күні!

«Оқымпаз балалық шақ» серіктестік жобасы аясында орталық балалар кітапханасының қызметкерлері 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Атамұра» мәдениет орталығында «Шуақты жаздың кітап эстафетасы!» атты PR-акциясын ұйымдастырды.

Халықаралық балаларды қорғау күнімен!

Қымбатты балақайлар! Сіздерді 1– ші маусым – Халықаралық балаларды қорғау күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Елдің ертеңгі болашағы – сіздер! Әрқашанда аспандарың ашық, дендерің сау, бақытты балалық шақ және тамаша жазғы демалыс тілейміз! Қадірменді ата – аналар балаларыңызбен бірге қуаныш-шаттыққа кенеле беріңіздер!

«Ынтымағы жарасқан – бала мен ата-ана»

«Жанұя кафесі» клубы аясында орталық балалар кітапханасында 15 мамыр – Халықаралық Отбасы күніне орай «Ынтымағы жарасқан – бала мен ата-ана» байқау болып өтті. Байқауға Бейсенбаевтар, Әбеновтар, Ахметжановтар және Данибаевтар отбасы қатысты. Байқау алты кезеңнен тұрды: «Таныстыру», «Блиц турнирі», «Кім жылдам?», «Мақал – мәтелдер», «Балалық шаққа саяхат», сондай-ақ «Ізгі тілектер алақаны». Барлық қатысушылар «Ізгі тілектер алақанына» […]

Дауысты кітап!

«Дауысты кітап» клубы аясында орталық балалар кітапханасында Самуил Яковлевич Маршактың 125 жылдығына орай дауыстап оқу шарасы №20 балабақша бүлдіршіндері арасында болып өтті. Дауыстап оқуға арнайы жазушының «Джек салған үй», «Ақымақ тышқан» сынды ертегілері таңдалып алынды. Балалар ертегілерді сондай бір қызығушылықпен тыңдап, ертегілердің күлкілі жерлерінде сықылықтап бір күліп те алды. Одан әрі бүлдіршіндер ертегі кейіпкерлерінің суреттері […]

«Мен әскерге барамын!»

Орталық балалар кітапханасының қабырғасында «Мен әскерге барамын!» атты сайыс болып өтті. Өскелең ұрпақтың бойында патриоттық сананы, салауатты өмір салтын, жоғары патриоттық сезімді және Отанына деген адалдықты қалыптастыруға бағытталған іс-шараға қиын өмірлік жағдайға тап болған балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушілері қатысты. Сайыс «Жеңіс өз қолымызда» деген ортақ ұранмен өтті. Іс-шара барысында жас қорғаушылар өздерінің дене қабілеттерінің даярлығын, […]

«Павлодар облысының қасиетті жерлері»

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Орталық балалар кітапхана қабырғасында «Павлодар облысының қасиетті жерлері» атты квест-ойын болып өтті. Павлодар облысының тарихи мәні бар киелі орындарымен таныстыру, оқушылардың патриоттық сезімін тәрбиелеу, туған өлкенің тарихына, археологиясына, этнографиясына қызығушылығын ояту, өлкетану әдебиетін насихаттау мақсатында ұйымдастырылған іс-шараға №2 ЖОМ –нің 7 –сынып оқушылары, ұстаздар қатысты. Жүргізуші Павлодар облысының көрнекті орындары, сондай-ақ […]

«Астрид Линдгреннің кітап беттерінен»

Орталық балалар кітапханасының қызметкерлері Астрид Анна Эмили Линдгреннің 115 жылдығына орай 10 ЖОМ-нің 5-сынып оқушыларының қатысуымен «Астрид Линдгреннің кітап беттерінен» интерактивті ойынын және Е.Вельтистовтың «Приключения Электроника» кітабы бойынша «Жол сандықтан шыққан бала немесе қалай адам болу керек» викторинасын өткізді. Іс-шара барысында балалар автордың шығармашылық өмірінен сыр шертетін «Алтын топтама» бейнесін тамашалады. Интерактивті ойын 5 бөлімнен […]

«Адасқан мақал-мәтелдер»

Орталық балалар кітапханасының қызметкерлері «Адасқан мақал-мәтелдер» атты викторина өткізді. Оқушылардың зияткерлік шығармашылығын мектеп жасынан дамыту, қызықтыру арқылы білімін тереңдету, мақал-мәтелдерді қолдану арқылы оқушылардың сөздік қорын жетілдіру мақсатында ұйымдастырылған іс-шараға №21 ЖОМ-нің 3-сынып оқушылары қатысты. Іс – шара басында жүргізуші балаларға мақал-мәтел жайында түсінік беріп, мақал мен мәтелдің айырмашылығын айтып өтті. Балаларға түрлі тапсырмалар берілді. Соның […]