«Сұлулық – бұл денсаулық»

Орталық балалар кітапхана қабырғасында Дүниежүзілік сұлулық күніне орай «Сұлулық – бұл денсаулық» тақырыбында косметолог, өз ісінің шебері Р.Р.Акчибаевамен кездесу болып өтті. Кездесу барысында терінің барлық түрлеріне дұрыс күтім жасау, жасөспірім кезіндегі безеумен күресу және табиғи сұлулықты қалай дұрыс сақтау сынды өзекті мәселелер төңірегінде əңгіме өрбіді. Сондай-ақ косметолог барлық сұрақтарға егжей-тегжейлі жауап беріп, қазіргі уақытта заманауи […]

«Супер ана, супер бала»

7 қыркүйек күні «Жанұя кафесі» аясында орталық балалар кітапхана қабырғасында отбасы күніне арналған «Супер ана, супер бала» атты сайыс болып өтті. Ұлттық салт-дәстүрлерді сақтау, отбасы тәжірибесін насихаттау, ата – аналарды кітапхана өміріне қатыстыру, олардың арасында достық қарым – қатынас орнату мақсатында ұйымдастырылған іс-шараға Акильбековтар, Турсунхановтар, Данибаевтар отбасы қатысты. Аталмыш сайыс 6 бөлімнен тұрды. Бұл сайыста […]

Білім күнімен!

Мереке зор қуаныш – Білім күні, Сыңғырла, қоңыраудың алғашқы үні. Қош келдің, құтты болсын қадамдарың, Балдырған, балғын жандар – өмір гүлі.

«Адамдарға қуаныш сыйлау үшін мейірімді және сыпайы болуың керек»

Орталық балалар кітапханасында «Адамдарға қуаныш сыйлау үшін мейірімді және сыпайы болуың керек» тақырыбында әдептілік сағаты болып өтті. Әдептілік ережелерімен таныстыру, достарына, үлкендерге деген құрмет сезімін ұялату мақсатында ұйымдастырылған іс-шараға «Жас дарын» репетиторлық орталығының балалары қатысты. Іс-шара барысында балалар «әдеп», «әдептілік» сөзінің мағынасымен, сондай-ақ әдеп талаптарымен танысты. Көлікте, мектепте, қоғамдық жерлерде телефонмен сөйлескенде өзін-өзі ұстау ережелеріне […]

«Эдуард Успенскийдің ертегілері»

Орталық балалар кітапханасының қызметкерлері Э. Успенскийдің 85 жылдығына орай «Эдуард Успенскийдің ертегілері» атты квест ойынын өткізді. Жас оқырмандар кітапханашымен бірге жоғалған кітаптарды іздеуге сапарға шықты. Бекеттен бекетке саяхаттаған балалар ертегі кейіпкерлерінің заттарын танып, оларды ертегілеріне еліне қайтарып, кейіпкерлердің жасырған жұмбақтарын шешіп, бәрі бірге қосылып көңілді ән шырқасты. Балалар барлық сынақтардан сүрінбей өтіп, жоғалған кітаптарды жұмыла […]

«Ғажайып бұршақ»

Орталық балалар кітапханасының қызметкерлері №17 ЖОМ-тің «Достық» лагерінің оқушыларына «Ғажайып бұршақ» атты ойын бағдарламасын өткізді. Іс – шара бұршаққа арналған жұмбақтарды табудан басталды. Содан кейін кітапханашы бұршақ туралы ежелгі көкөніс дақылдарының бірі ретінде айтып өтті. Балалар бұршақ туралы, бұршақ қалай пайда болғандығы, бұршақтан қандай тағамдар дайындауға болатындығы туралы ең қызықты және күтпеген фактілерді білді. Ең […]

«Денсаулық сырын іздеуде»

Орталық балалар кітапханасының қызметкерлері №35 ЖОМ-тің «Непоседа» лагерінің оқушыларына «Денсаулық құпияларын іздеуде» атты квест ойынын өткізді. Кітапханашылар балаларды денсаулықтың құпия сырларын іздеуге шақырды. Квест ойыны «Тазалық», «Айна залы» станциялары бойынша саяхат түрінде өтті. Шара барысында балалар жұмбақтар тауып, мақал-мәтелдерді байланыстырып, викториналық сұрақтарға жауап беріп, ойындарға белсене қатысты. Іс – шара «Құбыр мен аю» атты мультфильмді […]

«Көңілді доптың чемпионаты»

Орталық балалар кітапханасында «Жас дарын» репетиторлық орталығының балаларының қатысуымен «Көңілді доптың чемпионаты» атты спорттық ойыны болып өтті. Іс-шара барысында «Спорт дегеніміз не?» деген сұраққа жауап алып, спорт түрлеріне түсінік берді. Сондай-ақ, балалар спорты бойынша сұрақтарға жауап беріп, жұмбақтар жасырды. Шара түрлі қызықты ойындарға толы болды. Қатысушылармен түрлі: «Доппен Слалом», «Доппен би», «Ыстық картоп», «Кенгуру» конкурстар […]

«Сиқырлы сандық»

«Сиқырлы сандық» үйірмесі аясында орталық балалар кітапханасының қабырғасында «Волк ябедник», «Как аукнется, так и откликнется» және «Ит өзіне қалай дос іздеді?» атты ертегілері қуыршақ театры арқылы сахналанып көрсетілді. Қойылымға №6 арнайы мектебінің «Балдәурен» мектеп жанындағы алаңның оқушылары, мүгедек балалар мен әлеуметтік қызметкерлер қатысты. Балалар жасынан таныс ертегілерді зор қызығушылықпен тамашалады. Қойылымды тамашалап болған соң, ертегі […]

«Кітапхана әлемін тамашалау»

ОҚК балалар бөлімінің қызметкерлері Абай атындағы №2 ЖОМ-нің 1-3 сынып оқушыларына «Кітапхана әлемін тамашалау» тақырыбында саяхат ұйымдастырды. Саяхат барысында кітапханашы балаларды кітапхананың қорымен, жазылу тәртібімен, жалпы ережелерімен таныстыра келе, кітапхана қорларын қорғауды қамтамасыздандыратын штрихкодтау жүйесі жайлы әңгімелеп берді Балалар жылына орай ұйымдастырылған «Балалыққа кітаппен барар жол» атты кітап көрмесіне шолу жасалды. Кітапхана ордасына саяхатқа келген […]