Қарашаның екінші дүйсенбісі – жетімдер күні. Осы тұста балалар оқу орталығында башқұрт жазушысы Айгиз Баймұхаметовтің «Тастамашы, ана!» атты кітабына шолу шарасы болып өтті. Шараға №10 ЖОМ 6-сынып оқушылары қатысты. Шара барысында кітапханашы осы күнің тарихы жайында қысқаша ақпарат беріп өтті. Одан әрі башқұрт жазушысы Айгиз Баймұхаметовтің өмірбаяны мен шығармашылығына тоқталып, жазушының «Тастамашы, ана!» кітабының мазмұны […]
«Долговечность книг в твоих руках»
Балалар оқу орталығыныңда №10 ЖОМ оқушыларының қатысуымен «Долговечность книг в твоих руках» тақырыбында кітапханалық сабақ болып өтті. Шара барысында кітапхананы пайдалану ережелері, кітаптарды таңдау және жалпы кітапханада өзін-өзі ұстау әрекеті туралы баяндалып, балалармен бірлесе отырып, кітаппен жұмыс істеу ережелерін құрды. Сондай-ақ балалармен «Иә» немесе «Жоқ» ойыны ойнатылды. Одан әрі балаларға кітаптың шығу тарихы туралы бейнеролик […]
«Мой Казахстан – живи и процветай»
Республика күні қарсаңында балалар оқу орталығының қызметкерлері №6 лицей-мектебі оқушыларының қатысуымен «Мой Казахстан – живи и процветай» атты саяхат-ойын шарасын өткізді. Шара барысында балалардың назарына республикамыздың қалыптасуы туралы бейнебаян көрсетілді. Одан әрі қатысушылар «Мереке» және «Достық» командасына бөлініп, сұрақ-жауап, «Лесные зверята Казахстана» ойынына белсене қатысты. Шара соңында кітапханашы тақырыпқа сай дайындалған кітап көрмемен таныстырып, көрмеге […]
«Танымалдық шеруі»
Балалар оқу орталығының қызметкерлері қаламыздағы балалар көркемсурет мектеп қабырғасында «Танымалдық шеруі» тақырыбында ақпарат күнін өткізді. Бұл шараға Ә.Қастеевтің 120 жылдығына, Б.А.Төлегенованың 95 жылдығына, Ә.Өмірзақованың 105 жылдығына орайластырылды. Іс-шара барысында кітапханашы мерейгерлердің туған жерлері, қиындыққа толы өмір жолы, жастайынан оқуға құштарлығы, еңбектері жайында толық ақпарат беріп, видеороликтер жинағын көрсетті. Балалардың назарына шараға арнайы жасақталған «Танымалдық шеруі» […]
«Душа зверя»
«Ойлан, ойна, тап!»
«Білімпаз» клубы аясында балалар оқу орталығының қызметкерлері Екібастұз қаласының өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушілерінің қатысуымен «Ойлан, ойна, тап!» турнирін өткізді. Турнирге «Ақылды марғау» және «Данагөй үкі» атауымен екі команда қатысты. Балалар мақал-мәтелдерді жарыса тауып, «Барлығы бәрі туралы» викторинасының сұрақтарына белсене жауап берді. Сондай-ақ, іс-шараға орай «Бәрін білгім келеді» атты кітап көрме ресімделді.
«Отбасым – Отаным»
Балалар оқу орталығының қызметкерлері Отбасы күніне орай №26 гимназия-мектебінің 4 «г» сынып оқушыларының қатысуымен «Отбасым – Отаным» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді. Мақсаты: оқушылардың отбасы жайындағы түсініктерін кеңейту. Оқушыларды ұйымшылдыққа, жауапкершілікке, өз ойын жеткізе білуге тәрбиелеу. Оқушылар ортаға шеңбер құрып тұрып, әр бала өзінің отбасы жайлы жылы лебіздерін білдірді. Іс-шараға арнайы «Отбасы – бақыт мекені» атты […]
«Тіл – татулық тірегі»
Орталық қалалық кітапханасының балалар оқу орталығында №6 лицей-мектебінің 4 «а» сынып оқушыларының қатысуымен 5 қыркүйек – Тілдер күніне орай «Тіл – татулық тірегі» атты сайыс болып өтті. Оқушылар екі топқа бөлініп, ана тіліндегі білім деңгейлерін көрсетті. Сайыс өте тартымды, түрлі тапсырмаларға толы болды. Атап айтсақ, мәнерлеп оқу, тіл туралы мақал-мәтелдерді жатқа айту, сұрақ-жауап және т.б. […]
«Бар әлем балалар кітабында»
Балалар оқу орталығының қызметкерлері «Кешкі кітапхана» жобасы аясында орталық кітапхана жанындағы қалалық алаңда «Бар әлем балалар кітабында» атты кітап көрме жасақтады. Аталмыш көрмеге әлемдік және қазақ балалар әдебиетінің ең үздік шығармалары, әртүрлі қызықты да мазмұнды, әсем безендірілген түрлі түсті, музыкалық, дауысты, 3D балалар кітаптары қойылды.
«Журнальная карусель»
Балалар оқу орталығының қызметкерлері №10 ЖОМ жанындағы «Солнышко» лагерінің балаларына арнап «Журнальная карусель» тақырыбында ақпарат күнін өткізді. Шара барысында балаларға мерзімді басылымдар, сондай-ақ «журнал» сөзінің мағынасы туралы айтып өтті. Одан әрі кітапханаға тиесілі балаларға арналған «Балдырған», «Балалар әлемі», «Жыл он екі ай», «3/9 царство», «Чем занять непоседу», «Почемучкам обо всем на свете» мерзімді басылымдармен таныстырып, […]