Category: Басты

Республика күнімен!

Құрметті жас балғын балақайлар! Сіздерді бүгінгі ұлттық мереке – Республика күнімен құттықтаймыз. Осындай маңызы бар тарихи думанда еліміздің туы асқақтап, келешегі өркейе берсін. Сіздерге мықты денсаулық, бақытты балалық шақ, сәтті күндер, зор жетістіктер тілейміз. Сіздерге игілік, барлық бастамаларда сәттілік, ертеңге сенімділік тілейміз! Қазақстанның бүгінін нұрландырып, ертеңін гүлдендіретін, атын ай-әлемге паш ететін – ЖАС ҰРПАҚ СІЗДЕРСІЗДЕР!

«Кірді жеңген су мен сабын»

Орталық балалар кітапханасында «Кірді жеңген су мен сабын» атты тазалық сабағы болып өтті. Балаларды денсаулықты сақтауға үйрету, тазалық туралы түсініктерін молайту, тазалық пен ұқыптылыққа баулу мақсатында ұйымдастырылған іс-шара ойын түрінде өтті. Кітапханашы балалармен бірге тазалық және гигиенаның таңғажайып әлеміне қызықты саяхат жасады. Сондай-ақ балалар «Мойдодыр» мультфильмінен үзінді тамашалады. Іс-шара барысында балалар тазалық жайында жасырылған жұмбақтарды […]

«Жанға сая Отанымыз – Қазақстан көркем ел»

Орталық балалар кітапханасында Қазақстан Республикасы күніне орай «Жанға сая Отанымыз – Қазақстан көркем ел» атты тарихи сағат болып өтті. Іс – шараға №6 арнайы мектептің оқушылары мен №26 мектеи гимназиясының 6 «а» сынып оқушылары, ұстаздар қатысты. Кітапханашы оқушыларға Қазақстан Республикасы жайлы, сондай-ақ осы мерекенің шығу тарихы туралы баяндап, балаларға сұрақ – жауап викторинасын өткізді. Іс […]

«Қазақ өнерінің қайраткері»

Қазақ кескіндемеснің класигі Қанафия Телжановтың туғанына 95 жыл толуына орай орталық балалар кітапханасының қызметкерлері «Қазақ өнерінің қайраткері» атты библиография күнін өткізді. Қанафия Телжанов қазақ монументалды кескіндемесінің негізін салушылардың бірі болып саналады. Дала халқының дарынды ұлы Қанафия Темір-Болатұлы кескіндемеде ұлттық мінездеме беріп өзге ұлт өкілдерін, өз өнеріне бетбұрғызған суретші. Оның көркем туындыларының құндылығы эпикалық кеңдігімен, халықтың […]

«Орам, домалақ алма»

Орталық балалар кітапханасының қызметкерлері №6 ЖОМ-нің 3-сынып оқушыларының қатысуымен «Орам, домалақ алма» атты шарасын өткізді. Шара басында кітапханашы С.Тұрсынханова алма және алманың адам денсаулығына пайдалы қасиеттері, алманың сұрыптары, қандай дәрумендерге бай екендігі туралы мәлімет беріп, сондай-ақ алма туралы пайдалы мағлұматқа қаныққан балаларға «Алма туралы 10 дерек» атты бейнеролик көрсетілді. Одан әрі балалар жасырылған жұмбақтарды шешіп, […]

«Ұлы географиялық ашылулар»

20 қыркүйек күні Орталық балалар кітапханасында «Ұлы географиялық ашылулар» атты саяхат сабағы болып өтті. Іс-шараға 24 мектеп-гимназиясының 6-сынып оқушылары шақырылды. Кітапханашы XV ғасырдың аяғы мен XVI ғасырдың басындағы бірқатар маңызды географиялық ашылулар жайында мәлімет берді. Балалалар Кристофер Колумбтың «Сіздің де қолыңыздан келер еді, дегенмен МЕН жасадым!» және «Васко да Гама несімен танымал?» бейнесюжетін тамашалады. Балалар […]

«Сұлулық – бұл денсаулық»

Орталық балалар кітапхана қабырғасында Дүниежүзілік сұлулық күніне орай «Сұлулық – бұл денсаулық» тақырыбында косметолог, өз ісінің шебері Р.Р.Акчибаевамен кездесу болып өтті. Кездесу барысында терінің барлық түрлеріне дұрыс күтім жасау, жасөспірім кезіндегі безеумен күресу және табиғи сұлулықты қалай дұрыс сақтау сынды өзекті мәселелер төңірегінде əңгіме өрбіді. Сондай-ақ косметолог барлық сұрақтарға егжей-тегжейлі жауап беріп, қазіргі уақытта заманауи […]

«Супер ана, супер бала»

7 қыркүйек күні «Жанұя кафесі» аясында орталық балалар кітапхана қабырғасында отбасы күніне арналған «Супер ана, супер бала» атты сайыс болып өтті. Ұлттық салт-дәстүрлерді сақтау, отбасы тәжірибесін насихаттау, ата – аналарды кітапхана өміріне қатыстыру, олардың арасында достық қарым – қатынас орнату мақсатында ұйымдастырылған іс-шараға Акильбековтар, Турсунхановтар, Данибаевтар отбасы қатысты. Аталмыш сайыс 6 бөлімнен тұрды. Бұл сайыста […]

Білім күнімен!

Мереке зор қуаныш – Білім күні, Сыңғырла, қоңыраудың алғашқы үні. Қош келдің, құтты болсын қадамдарың, Балдырған, балғын жандар – өмір гүлі.

«Адамдарға қуаныш сыйлау үшін мейірімді және сыпайы болуың керек»

Орталық балалар кітапханасында «Адамдарға қуаныш сыйлау үшін мейірімді және сыпайы болуың керек» тақырыбында әдептілік сағаты болып өтті. Әдептілік ережелерімен таныстыру, достарына, үлкендерге деген құрмет сезімін ұялату мақсатында ұйымдастырылған іс-шараға «Жас дарын» репетиторлық орталығының балалары қатысты. Іс-шара барысында балалар «әдеп», «әдептілік» сөзінің мағынасымен, сондай-ақ әдеп талаптарымен танысты. Көлікте, мектепте, қоғамдық жерлерде телефонмен сөйлескенде өзін-өзі ұстау ережелеріне […]