«Крестики, нолики»

Орталық балаларкітапханасының қызметкерлері №10 мектеп жанындағы «Ашық әлем» жазғы лагерініңбалаларымен «Крестики, нолики» атты интелектуалды ойын өткізді. Шара барысындабалалар екі командаға бөлініп, бар күштерін ойынға салып, белсене қатысты.Балалардың ойлау қабілетін, ой ұшқырлығын айқындау мақсатында логикалықсұрақтар қойылып, түрлі тапсырмалар берілді. Балалар өз білімдерін көрсетіп, барлық сұрақтарға толық жауап берді.Сондай-ақ, балалардың кітаптарды қаншалықты жақсы оқығанын білу үшін де […]

«Қазақтың ұлттық киімдері»

Орталық балалар кітапханасының қызметкерлері «Қазақтың ұлттық киімдері» тақырыбында тарихи шолу жүргізді. Аталмыш шараға Екібастұз қалалық мешітінде Құран әліппесімен танысып, әдеп және имандылық дәрістерін сусындап жүрген «Имани жаз» жазғы сауат ашу курсының балалары қатысты. Шара барысында кітапханашы қазақ халқының ұлттық киімдерінің түрі де, үлгісі де еш халықтан кем болмағанын айтып, қазақтың болмысына тән, кигенде ыңғайлы әр […]

«Жеті – қасиетті сан»

Орталық балалар кітапханасының қызметкерлері №26 гимназия мектебі жанындағы «Балдәурен» жазғы лагерінің балалары арасында «Жеті – қасиетті сан» атауымен сайыс өткізді. Шараның алдына қойған мақсаты – жеті санының маңызы мен қасиетін ашу, жеті саны ұғымына байланысты түсініктер мен қағидаларды дәріптеу, халық дәстүрін құрметтеуге тәрбиелеу. Сайыс сұрақ – жауап, жеті ғашық, әлемнің жеті кереметі, сөзжұмбақ сияқты төрт […]

«Бірге жүріп қызықтаймыз»

Орталық балалар кітапханасында Н.Носов 115 жылдығына және В.Драгунскидің 110 жылдығына орай «Бірге жүріп қызықтаймыз» атауымен жайдарман болып өтті. Бұл шараға №6 мектеп лицейі жанындағы «Атмосфера» жазғы лагерінің балалары қатысты. Шара барысында кітапханашы балаларға осы жазушылардың ең қызықты шығармалары және көпшілікке танымал кейіпкерлері туралы айтып берді. Шара бірқатар тапсырмалардан тұрды: «В.Драгунскийдің әңгімелері бойынша ми шынықтыру», «Блиц-тест», […]

«Мультфильмдер елі»

Орталық балалар кітапханасында «Жас дарын» дамыту орталығының балаларына арналған «Мультфильмдер елі» атты кинолекторий шарасы болып өтті. алдымен балалар мультипликацияның жасалу тарихымен танысып, одан әрі өздерінің сүйікті мультфильмдері мен кейіпкерлері туралы әңгімеледі. Кітапханашы бар елге танымал болған мультфильм кейіпкерлері туралы айтып, «Не? Қайда? Қашан?», «Негештер шайқасы», «Білгірлер марафоны», «Атын толтыр» сияқты бірнеше кезеңнен тұратын викторина өткізді. […]

«Кітаби жаздың сиқыры»

Орталық балалар кітапханасының қызметкерлері №13 мектеп жанындағы «Қиял жүзіндегі желкендер» жазғы лагерінің оқушыларына арнап «Кітаби жаздың сиқыры» ойын бағдарламасын өткізді. Атаулы шара барысында ертегілер бойынша әртүрлі жұмбақтар ойластырылып, ертегілер бойынша түрлі сөзжұмбақтар шешті. Балалар «Эмоционалды жұмбақ сөз» ойынында балғын балалар өздерінің қаншалықты эмоционалды, ал «Ұяшыққа дөп түсіру» ойынында өздерінің ептіліктерін барынша көрсете білді. Сондай-ақ, «Мен […]

«Бақытты бал дәурен, балалық шақ»

Жыл сайын 1 маусым күні әлемнің әр түкпіріндеБалаларды қорғау күні аталып өтеді. Орталық балалар кітапханасының қызметкерлері ОҚК балалар бөлімінің ұжымыменберлесіп «Шахтер» қалалық саябақта 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Бақытты бал дәурен, балалық шақ» аттыPR-акция ұйымдастырды. Ашық аспан аясында ұйымдастырылған PR-акцияның басты мақсаты – жас оқырмандарды рухани азық көзі – кітап әлеміментаныстыру, балаларды […]

Мерекелік афиша!

Құрметті жас өрендер мен балдырғандар! Сіздерді Халықаралық балаларды қорғау күнімен және жазғы демалыстың басталуымен құттықтаймыз. Сіздерге мықты денсаулық, бейбіт өмір, бақытты балалық шақ тілеп, болашақтарыз жарқын, аспандарыңыз ашық, елімізді өркендетер, келешектің кемеңгері болыңыздар дей отырып, Сіздер үшін арнайы ұйымдастырылған мерекелік шараға шақырамыз!

«Ерте үзілген ән»

Орталық балалар кітапханасында №24 мектеп-гимназиясы оқушыларының қатысуымен жазушы-драматург, қазақ әдебиетінің ғана емес, күллі әлем әдебиетінің тарихынан өз орнын айшықтаған тұлға Оралхан Бөкейдің 80 жылдығына орай «Ерте үзілген ән» тақырыбында портрет кеші болып өтті. Шара барысында жазушы-драматург Оралхан Бөкейдің өмірі мен шығармашылығына тоқталып, «Кербұғы» повесі бойынша буктрейлер көрсетілді. Буктрейлерді тамашалап болған соң, оқушылар жазушының повесін талқылап, […]

«Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама»

Орталық балалар кітапханасының қызметкерлері №22 ЖОМ оқушыларының қатысуымен «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» тарихи оқиғасына 300 жыл толуына орай бейнешолу шарасын өткізді. Шара барысында оқушыларға 1723-1727 жылдардағы Қазақстан тарихының ауыр да қасіретті кезеңдерінің тарихымен таныстырып, «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» оқиғасы туралы бейнебаян көрсетілді. Сондай-ақ, оқушылардың назарына тарихи оқиғаның тереңдігін, қасіретін көрсететін, қазақ тарихында өшпес із қалдырған […]