«Ғажайып кітаптар ғажайып балаларға»

Орталық балалар кітапханасының қызметкерлері №6 мектеп-лицейінің оқушыларына арнап «Ғажайып кітаптар ғажайып балаларға» атауымен экскурсия ұйымдастырды. Экскурсия барысында жас оқырмандар кітапхана бөлімдерінің ерекшеліктерімен, кітап қорымен танысып, кітапхананы пайдалану ерекшеліктері жайында ақпарат берді. Сондай-ақ балалар кітап көрмелердегі әдебиеттермен танысты. Балғын балалардың назарына ең қызықты ертегілер, танымдық әдебиеттер, сонымен қатар балалардың сансыз сұрағына жауап беретін көркем суретті энциклопедиялар […]

«Менің күрес құралым – қаламым»

«Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында орталық балалар кітапханасының қызметкерлері С.Торайғыров атындағы №22 гимназия-мектебі оқушыларының қатысуымен «Менің күрес құралым – қаламым» атты әдеби-танымдық сағат өткізді. Іс-шара басында ҚР Мәдениет министрлігінің қолдауымен ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы мен ҚР Кітапханашылар Ассоциациясы бастамасымен «Бір ел – бір кітап» акциясы, сондай-ақ бұл акцияның басты мақсаты жайлы қысқаша […]

«Кез келген тіл өзінше ұлы»

Орталық балалар кітапханасында Қазақстан халқы тілдер күніне орай №6 мектеп – лицей оқушыларының қатысуымен «Кез келген тіл өзінше ұлы» атты библиоэкспозиция шарасы болып өтті. Шара аясында кітапханашы балаларға тіл мерекесінің тарихы, сондай-ақ ҚР Тіл туралы заңы қашан қабылданғаны жайында айтып берді. Одан әрі шара «Атаның сөзі-ақылдың көзі» атты мақал-мәтелдер жарысы ойынымен жалғасын тапты. «Жеті жұрттың […]

Құрметті оқырман! Сары күздің алғашқы күлімдеген күнін – Біліммен байланыстырудың байламы кең ұғымның бастауы болатын. Күз – берекенің қазаны, мерекенің базары болса, молшылық пен тоқшылықтың тойы албырт баланың ақылын толыстырып, білімге де ықыласын ашып, ынтасын арттырар мезгіл. Сондықтан 1 – қыркүйек күні білімнің беташар беті болып қалыптасқан. Бұл күні кітапхана ұжымы да шетте қалмай, сіздерді […]

«Балалардың досы Балдырған»

«Дауысты кітап» клубы аясында орталық балалар кітапханасының қызметкерлері №9 балабақша бүлдіршіндеріне «Балалардың досы Балдырған» тақырыбында дауыстап оқу шарасын өткізді. Аталмыш шара бүлдіршіндерді мұқият тыңдауға үйрету, олардың кітапқа деген қызығушылығын ояту мақсатында ұйымдастырылды. Шара барысында кітапханашы бүлдіршіндерді «Балдырған» журналының шығу тарихымен, басылымның айдарымен таныстырып өтті. Сонан соң журналдың ішінен қысқаша ертегілерді, әңгімелерді, оқып берді. Балалар журнал […]

«В.Сутеевтің 120 жылдығына»

«Дауысты кітап» клубы аясында орталық балалар кітапханасының қызметкерлері жазушы, суретші-иллюстратор, режиссер,сценарист В.Сутеевтің 120 жылдығына орай «Добрые сказки в радужных красках» тақырыбында дауыстап оқу шарасын өткізді. Бұл шараға «Жас дарын» репититорлық орталығының балалары қатысты. Шара барысында кітапханашы балаларды жазушының өмір жолымен, сондай-ақ шығармашылығымен таныстырып, «Балықшы мысық» атты ертегісінен үзінді оқып берді. Содан кейін жазушының ертегісі бойынша […]

«Білімпаздар шайқасы»

Орталық балалар кітапханасында «Білімпаздар шайқасы» атты интеллектуалды ойын болып өтті. Балалардың білімдерін жинақтап, тереңдету, қызығушылықтарын арттыру, шапшаңдыққа баулу, белсенділіктерін арттыру. Топпен жұмыс істей отырып, өзгенің пікірін құрметтеуге, ұйымшылдыққа баулу мақсатында ұйымдастырылған шараға халыққа әлеуметтік қызмет көрсету орталығының мүмкіндігі шектеулі балалары мен әлеуметтік қызметкерлер қатысты. Командалық ойын бес кезеңнен тұрды: «Миды шынықтыру», «Әзіл-сықақ сезімін тексеру», «Санды […]

«Ертегі кейіпкерлерінің ізімен»

Орталық балалар кітапханасының қызметкерлері балалардың кітапқа деген құштарлығын арттыру мақсатында «Ертегі кейіпкерлерінің ізімен» атты мультисаяхат шарасын өткізді. Бұл шараға №35 ЖОМ жазғы лагерінің балалары қатысты. Шара барасында балалар екі топқа бөлініп, бақтарын сынады. Балаларға ең танымал ертегілері туралы түрлі сұрақтар қойылып, қызықты тапсырмалар берілді. Балалар ең қиын сұрақтарға еш мүдірместен жауап беріп, белсенділік танытты. Балаларды […]

Шілде. Жаз. Демалыс!

Шілде. Жаз. Демалыс! Бұл – алаңсыз демалатын, достарымен бірге уақыт өткізетін шуақты күн мен жақсы көңіл-күй уақыты. Дегенмен, орталық қалалық кітапхананың балалар бөлімінің оқырмандары сүйікті кітаптарын оқуға әрқашан уақыт тауып, кітапханаға келіп, бос уақыттарын жан мен ақыл үшін қызықты да пайдалы өткізеді. Сонымен қатар, ата-аналарымен бірге кітап әлеміне саяхат жасайды. Өйткені, кітап – ең жақын […]

«Ойна. Жаса. Арманда»

Жазғы жемалыс уақытында №3 кітапхана-коммуникациялар орталығының қызметкерлері кітапханаға келушілер мен оқырмандар арасында «Ойна. Жаса. Арманда» атты шахмат турнирін өткізді.