«Үй жануарлары және оның төлдері»

«Дауысты кітап» клубы аясында орталық балалар кітапханасының қызметкерлері №20 балабақша бүлдіршіндеріне «Үй жануарлары және оның төлдері» атты дауыстап оқу шарасын өткізді. Аталмыш шара бүлдіршіндерді мұқият тыңдауға үйрету, олардың кітапқа деген қызығушылығын ояту мақсатында ұйымдастырылды. Шара барысында «Сиыр мен теке», «Ақылды лақ», «Сымбатты сиыр жайлы хикая» атты ертегілері оқылды. Бүлдіршіндер үй жануарларының төлдерін атап, қайсысы қандай […]

«Қаламгерлердің алтын қоры»

Орталық балалар кітапханасының қызметкерлері Дүниежүзіліккітап және авторлық құқық күніне орай «Қаламгерлердің алтын қоры» аттыshort-шолу өткізді. Бұл шарағатехникалық шығармалық мектебінің оқушылары қатысты. Шарабарысында кітапхана библиографы 2023 жылғы қазақстандық және шетелдік мерейгерқаламгерлердің кітаптарымен таныстырып өтті. Сондай-ақ, кітапханашы орысбалалар жазушысы, ақын Борис Заходердің «Любимые с детства стихи» атты кітабынан, сондай-ақ отандық балаларақыны Ермек Өтетілеуовтің «Ең күшті адам» атты […]

Космос!

Орталық қалалық кітапхананың балалар бөлімінің қызметкерлері Ғарышкерлер күніне орай жаңа кітаптармен таныстыру күнін өткізді. Іс-шараға №21 ЖОМ-нің 5-сынып оқушылары қатысты. Әсіресе, күн тақырыбына сай «Космос» балалар энциклопедиясына ерекше ден қойылды. Балаларға арналған ғарыш туралы энциклопедия күн жүйесі, ғаламшарлар, галактикалар, ғарыш объектілері, ғарышкерлер және т.б. сияқты негізгі ұғымдармен танысуға мүмкіндік береді. Бала болашақта ғарышкер болмаса да, […]

«Қазақтың көмекей әулиесі»

Орталық балалар кітапханасының қызметкерлері №25 қазақ қыздар гимназиясы оқушыларының қатысуымен Бұқар жырау Қалқаманұлының 355 жылдығына орай «Қазақтың көмекей әулиесі» атты әдеби композиция өткізді. Шара барысында Бұқар жырау Қалқаманұлының өмірі мен шығармашылығына тоқталып, нақыл сөздері жайлы сөз қозғалды. Сондай-ақ белгілі ғалым, фольклоршы, жыраудың тұңғыш биографы М.Ж. Көпеев атамыз жайлы біраз деректер айтылып, бейнебаян көрсетілді. Оқушылар «Жал […]

«Дені сау болғың келсе, спортсаған көмектесуге дайын!»

Дүниежүзілік денсаулық күні қарсаңында орталық балаларкітапханасының қызметкерлері Екібастұзқаласының халыққа әлеуметтік қызмет көрсету орталығы балаларының қатысуымен «Дені сау болғың келсе, спортсаған көмектесуге дайын!» атты баскет-шоу өткізді. Шара барысында кітапханашы баскетболдың шығу тарихы жайлыбаяндап өтті. Одан әрі шара «Сақинағасалу», «Баскетбол викторинасы», «Өткел», «Соқыр баскетболшы», «Иә немесе жоқ»сынды түрлі сайыстар мен ойындарға қатысып, «Баскетбол викторинасы» ойынындабаскетбол және спорт […]

«Өз біліміңді тексер»

Халықаралық балалар кітабы күніне орай орталық балаларкітапханасында №24 ЖОМ оқушыларының қатысуымен «Өз біліміңді тексер» аттыкітаби бум шарасы болып өтті. Іс-шара барысында қатысушылар 2 командаға бөлініп, өзарабақ сынасты. Балалардың ой-өрісінкеңейту мақсатында логикалық сұрақтар қойылып, түрлі тапсырмалар берілді. Балалар өздерінің дайындықтарын, сондай-ақойлау қабілеттерін жоғары екендігін аңғарта түсті. Қатысушылар берілген қиындақызықты сұрақтар мен тапсырмаларға белсене жауап берді. Қатысушылардың […]

«Оқу жаңалық ашумен тең»

«Оқы. Талқыла. Суретте» үйірмесі аясында орталық кітапхананың балалар бөлімінің қызметкерлері №10 ЖОМ 6 «А» сынып оқушыларының қатысуымен «Оқу жаңалық ашумен тең» атты жас колумбтар сағатын өткізді. Балалар «Кітап әлеміне саяхат»; «Кітаптағы сандар сөйлейді», «Бір кітап мың адамға рухани азық», «Оқу – ең жақсы білім!» және т.б. байқауларға белсене қатысты. Сондай-ақ балалар түрлі ертегілер бойынша «Сиқырлы […]

«Крестики, нолики»

Орталық балалар кітапханасының қызметкерлері Павлодароблысы әкімдігінің Павлодар облысы білім беру басқармасының «Екібастұзқаласының өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығы» КММ-нің тәрбиеленушілерінеарналған «Крестики, нолики» атты интеллектуалды ойын өткізді. Іс-шараныңмақсаты: балалардың ой-өрісін кеңейту, білімге деген құштарлыққа, ізденімпаздыққа,өз ойын тез тұжырымдай білуге баулу, ізденушілік пен тапқырлыққа тәрбиелеу. Интеллектуалдыойын барысында қатысушылар 2 командаға бөлінді. Балалар белсене атсалысып, қызықты тапсырмаларды қызығушылықпен […]

«Өлең кернеп барады жүрегімді»

Балалар кітабы апталығының ашылуы аясында орталық балаларкітапханасының қызметкерлері Қазақстанның халық жазушысы Мұзафар Әлімбаевтың100 жылдығына орай «Өлең кернеп барады жүрегімді» атты әдеби-сазды кеш өткізді.Іс-шараға 25 қазақ қыздар гимназиясының оқушылары қатысты. Кеш барысында жүргізуші жазушының өмірі меншығармашылығына тоқталып, қаламгердің берген сұхбатынан үзінді көрсетті. Оқушылар хормен М.Әлімбаевтың сөзіне жазылған «Мұғалім олбіздің» атты өлеңін әсерлі орындауымен қауымды ерекше тәнті […]

«Қыз – еркем, өнерімен көркем»

Орталық балалар кітапханасының қызметкері 8 наурыз –Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында «Қыз – еркем, өнерімен көркем» аттысайыс өткізді. Сайысқа №6 гимназиямектебінің оқушылары қатысты. Шара оқушылардың рухани адамгершілік, тұлғалықабілеттерін дамыту, қыз балаларды сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу мақсатындаұйымдастырылды. Сайыс 5 бөлімнентұрды: «Сәлем – сөздіңатасы» яғни өз – өзін таныстыру. (өзін таныстыру) «Кім тапқыр?» сайысы «Сезімтал жүректі жандар» (әр түрлі […]